Басты жаңалықтар

Айқынның жас əйелі Жұлдыз Өмірғалиге қастандық жасалды

Жұлдызға қастандық жасаған жігіттің анасы әншінің саусағын жарақаттайтынын айтып бопсалаған

Танымал жас әнші әрі Айқын Төлепбергеннің әйелі Жұлдыз Өмірғалиге көшеде бұзақы жігіт шабуыл жасады деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы "Кешью" тобының директоры Назым желідегі парақшасына жазды. Журналист әрі продюсер Назым жақында ғана екінші қызын дүниеге алып келген еді. Ол айналасындағы көптеген жағдайларды мысалға келтіре отырып, ұл өсіріп отырған аналарға өтінішін айтты. "Мен ұл өсыіріп отырған аналардан олардың тәрбиесіне аса үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Екі қыздың анасы болғандықтан олардың болашағына қорқатын болдым. Тәртіпсіз бала соларға бір зиянын тигізіп қоймаса екен деп алаңдаймын. Біздің Жұлдыз Өмірғалиге бір жігіт шабуылдады. Анығырақ айтсақ қастандық жасады. Ал ол жігіттің анасы ұлының қателігін мойындап әншіге басу айтудың орнына саусағын жарақаттайтынын айтып бопсалаған.",- деп жазды Назым. Ол сондай-ақ бұл қарапайым өмірдегі жай ғана бір мысал екенін айтып, бірнеше әйелдің отбасындағы бүгінгі күнінен мысал келтірген. Айтпағы тәрбие көрмеген ұлдың қоғамға, айналасындағыларға тигізер үлкен зияны. Көпшілік Назымның осы жазбасынан кейін әншінің қазіргі жағдайын сұрай түскен.