Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда 6 жасар қыз төртінші қабаттың балконында жарты сағат асылып тұрды (видео)

Павлодарда 6 жасар қыз төртінші қабаттың балконында жарты сағат  асылып тұрды (видео)
ашық дереккөз
Ата-анасы қызды жалғыз қалдырып, сыртынан кіліттеп кеткен
Павлодардағы Суворова көшесінің бойындағы тоғыз қабатты үйдің төртінші этажында болған жағдай көпшілікті шошытты. Үйінде жалғыз қалған қыз балкон терезесі арқылы үйдің сыртқы қабырғасына өрмелеп кеткен. Бірінші болып бұл жағдайды тұрғындар көріп қалған. Дереу полицияға хабарласқан олар жерде қыз құлап кеткен жағдайда паласқа түссін деп, кілемшені тосып тұрған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері дереу төртінші қабатқа көтеріліп қызбен сөйлесе бастаған. Ақыр соңында құтқару қызметінің мамандары қызды аман-сау күйінде жерге түсірген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар