Басты жаңалықтар
Халықты "шүкірге" шақырғыш блогер: Антишүкіристер қолдарыңнан келсе доллар бағамын өзгертіңдер
- автор kyn.kz
- 9 қыркүйек, 2018
- 1.5k
Желі қолданушысы "дүние төңкерілсе де" "шүкір" сөзін жиі айтатын себебін түсіндірді. Әрі тура осы сөзге қарсы адамдарды қолдарыңнан келгенді жасап өзгеріс орнатып көріңдер деп сынады.
Желі қолданушысы доллар шарықтаса да, елдегі саяси жүйе мың құбылса да, әлеуметтік жағдай айтарлықтай нашарласа да "Шүкір" сөзін күніне миллион мәрте айтып, өміріне риза болатынын жазды. Сондай-ақ, желідегі "Шүкір" сөзін жиі айтып халықты тынашталуға шақыратындарды сынаған жұртты мысқылдады.
Сөзінше қарапайым жоғарыда айтылған жайттарға орай бас көтеріп, қызыл кеңірдек болғанымен ештеңе өзгерте алмайды екен.
"Осы бірдеңені бұрып, басқа темаға айналдырып, одан трагедия жасап отыратындарға таң қаламын ше. “Шүкір деп отырыңдар ал, доллар өсті әне, шүкіристер бәрін құртты” деп безілдеп жатқан жандар-ау, сіздер, иә, сіздер, антишүкіриссіздер ғой енді, бірдеңе қолдарыңыздан келсе, атып тұрып қыла берсеңіздерші...Шүкір етпегеннен нәтиже шығара алсаңыздар, оны көрейік.
Енді доллар өсті екен деп Алланың берген басқа нығметтеріне шүкір етпеуіміз керек пе? Сосын «шүкір дейік» дегенді кім сіздерге «солай десеңіздер доллар өспейді» деп түсін деді? Иә қиындықтар бола береді, бірақ біздің шүкіріміздің оған қатысы қанша? Біз шүкір етсек, өз жүрегімізге - дәру, ал сіздің оған неңіз кетті?
«Шүкір» деген құр ауызбен емес, жүрекпен айтылатын амал. Ол адамның жүрегін ауыртпалықтан тазалайды, шүкіріңді айт та, тіршілігіңді жалғастыр. Ешкім күніне млн рет шүкір деп, үйінде созылып жатқан жоқ, қайта тыныш жүрекпен күнделікті жұмысын жасап жүр.
Тағдырыңа риза болудан асқан тыныштық жоқ адам үшін. Сонда сіздер қаншама адамды шүкірден айырса, әлемді төңкеріп тастайды деп ойлайсыздар ма? Онда шүкірі жоқ сіз неге төңкермей жатырсыз?
Кекетіңіздер, келеке етіңіздер, шұқыңыздар, шоқыңыздар, мен бірақ аппаратсыз жұтқан ауам үшін, ауруxанада емес, үйде атқан таңым үшін, адал жарым үшін, құлдыраңдаған құлындарым үшін, асқар тауым ата-анам үшін, бейбіт өмірдің куәсі болғаным үшін, жақындарым үшін, жақында ғана дүние есігін ашқан сәбиім үшін, .....
......тағы басқа қаптаған маған берілген нығметтер үшін күніне млн, млрд, ..... мәрте шүкір ете беремін, шүкір ете беремін. Ал, сіздің шүкір ету-етпеуіңіз - өз шаруаңыз, дәл сол сияқты менің де өз шаруам. Әркім өз шаруасымен айналыссын.",- деп жазды журналист Айсәуле Әбілдаева.