Халықты "шүкірге" шақырғыш блогер: Антишүкіристер қолдарыңнан келсе доллар бағамын өзгертіңдер
Желі қолданушысы "дүние төңкерілсе де" "шүкір" сөзін жиі айтатын себебін түсіндірді. Әрі тура осы сөзге қарсы адамдарды қолдарыңнан келгенді жасап өзгеріс орнатып көріңдер деп сынады.
Желі қолданушысы доллар шарықтаса да, елдегі саяси жүйе мың құбылса да, әлеуметтік жағдай айтарлықтай нашарласа да "Шүкір" сөзін күніне миллион мәрте айтып, өміріне риза болатынын жазды. Сондай-ақ, желідегі "Шүкір" сөзін жиі айтып халықты тынашталуға шақыратындарды сынаған жұртты мысқылдады. Сөзінше қарапайым жоғарыда айтылған жайттарға орай бас көтеріп, қызыл кеңірдек болғанымен ештеңе өзгерте алмайды екен. "Осы бірдеңені бұрып, басқа темаға айналдырып, одан трагедия жасап отыратындарға таң қаламын ше. “Шүкір деп отырыңдар ал, доллар өсті әне, шүкіристер бәрін құртты” деп безілдеп жатқан жандар-ау, сіздер, иә, сіздер, антишүкіриссіздер ғой енді, бірдеңе қолдарыңыздан келсе, атып тұрып қыла берсеңіздерші...Шүкір етпегеннен нәтиже шығара алсаңыздар, оны көрейік. Енді доллар өсті екен деп Алланың берген басқа нығметтеріне шүкір етпеуіміз керек пе? Сосын «шүкір дейік» дегенді кім сіздерге «солай десеңіздер доллар өспейді» деп түсін деді? Иә қиындықтар бола береді, бірақ біздің шүкіріміздің оған қатысы қанша? Біз шүкір етсек, өз жүрегімізге - дәру, ал сіздің оған неңіз кетті?