Сүйінші: Танымал отандық актер Асылхан Төлеповтың тұңғышы дүниеге келді
Актер әрі мәслихат депутаты Асылхан Төлепов алғаш рет әке атанды. Асылханның жары Айсұлу әулет ізбасарын дүниеге әкелді
Жеке өмірі туралы көп айта қоймайтын Асылхан Төлепов сүйінші хабарды халыққа өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып хабарлаған. “Ағайын, сүйінші! Әке атандым, ата-әжесінің баласы ғой, братишка маған. Айс, красавчик”, – деп қуанышымен бөлісті ол. https://www.instagram.com/p/BndSTY6giAD/?utm_source=ig_web_copy_link Оқырмандары болса, қуаныштан басы айналған әкеге ақ тілектерін жаудыртып, небәрі бір сағатта 1000-нан аса пікір жазып қалдырған. Естеріңізге сала кетейік, Асылхан мен Айсұлудың тойы былтыр қараша айында Алматы қаласында өткен болатын. Жас депутаттың тойына Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі қатысқан еді. Асылханның жары Айсұлу өнер саласынан емес. Ол Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Қос ғашық әкімдікте танысқан деседі.