Басты жаңалықтар
Түркістан облысында клиент үшін фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды (видео)
- автор kyn.kz
- 9 қыркүйек, 2018
- 208
Құзырлы орган қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады. Қазірде оқиғаның мән-жайы анықталуда
Оқиға 7 қыркүйекте болған. Шардара аудандық ішкі істер бөліміне ауылдардың бірінің маңындағы төбелес туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер клиентке таласып қалған фермерлердің жанжалдасып, қару пайдаланғанын анықтайды.
Төбелес салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында мерт болып, ал екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.