Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық танымал әнші ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды

Отандық танымал әнші ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды
ашық дереккөз
Әнші Ғаділбек Жанай әлеуметтік желіде сауалнама жүргізу арқылы қазақстандық ұстаздарға кимешек кию керек деген пікірге келді

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кимешек киіп отырған бойжеткеннің суретін салып оқырмандарын қызу талқыға салған болатын.

Ал суреттің астына әнші: "Біздің мұғалімдер осылай киініп оқушыларға білім үйретсе, берген ілімі де баланың бойына жұғымдырақ болар ма еді?" деген жазба қалдырған еді.

Желі қолданушыларының бірі ұстаздарға кимешек жарасады десе, қалғандары  мұның жұмысқа ыңғайсыз екенін айтты.

"Оқитын бала киімге қарамайды", "Мына киім өте ыңғайсыз. Отыз бала отырған сынып ыстық болады. Мұғалім су терге түседі ғой", "Күннің ыстығында сіздерге кигізіп көру керек", "Әдемі, ұнайды. Солай болса екен деймін", "Мәселе киімде емес, білім сапасында", "Кимешек кигенге дұрыс қараймын", "Болашақ балаларымыз тәрбиелі, өнегелі, салауатты болар еді",- деп пікірлерін білдіріп жатты. https://www.instagram.com/p/BnXmGX3B8Vd/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар