Абай Бегейдің немересі дүниеге келіп, әнші алғаш рет ата атанды (фото)
Осыдан біраз уақыт бұрын екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегей немере сүйіп, тұңғыш рет ата атанып отыр
Бұл қуанышты хабар туралы әнші кеше өзінің желідегі парақшасында бөліскен еді. "Сүйінші ағайын! АЛЛАҒА сансыз шүкір, бұйыртса Абай Ата болдым! Баршаларыңызға жұғысты болсын!"- деп жазды Бегей өзінің парақшасында. https://www.instagram.com/p/BngUTYWFO90/?utm_source=ig_web_copy_link Оқырмандарына қуанышымен бөліскен Абай Бегейді желі қолданушылары жарыса құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілеуде. Айта кетейік, әнші тұңғыш қызын өткен жылы ғана ұзатқан болатын.