Синоптиктер: Астанада қар жауады
Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды
Қазгидрометтің хабарлауынша, 11-12 қыркүйек күндері түнде солтүстік өңірде жауын және қар жауады. Кей жерлерде ауа температурасы 1-3 °С дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, "112" қызметінен келген хабарламаға сәйкес, 11 қыркүйекте Астанада қар жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді.