Басты жаңалықтар

Тұрсынбаева қыздарды той ортасына көлікпен шығып ұзататын болған (видео)

Халық: Тойда ұзатылатын қыз бір жақта, халықтың назары Айнұрда. Осындай асыра мақтан не керек?

Ақын жеке өміріне байланысты талай сынға ұшырағанымен, қыз ұзатуда ерекше орындаушы болғысы келетінін де жасырмады. Танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева  ұзатылатын қыздарды тойханада жиналған халықтың алдына шығарып, сыңсуын айтып шығарып салуда әріптестерінен ерекшеленді. Талдықорғанда өткен тойда әнші сырты әшекей тастармен безендірілген қымбат  көлікпен ұзатылып жатқан қызды ертіп тойдың төріне шықты. Көпшілікке ұзатылып жатқан қызға қарағанда ақынның ортаға шыққаны қызықтау болған сияқты. Себебі, асаба бірден ақынды мақтап, таныстыра жөнеледі. Ал қыз болса ақынды ертіп шыққан өнер адамы сияқты екінші планда қалады.

Көпшілік тамақ тқрған дастарханның басына көлікпен шығу өте мәдениетсіздік деп түсінетіндерін жарыса жазды. "Осы біздің адамдар біртүрлі. Тамақ тұрған жабық мейрамхананың ішіне улы газды өздері кіргізіп, сол жерде тамақтанып отырғаны не сұмдық. Соншалықты өрелері таяз адамдар не істеп мақатанатындарын білмей кеткен сияқты." "Бұл тойда ұзатылатын қыз емес, бірнеше рет тұрмысқа шыққан апамыз халыққа қызық болып тұр ғой. Жабайы адамдардың "жұлдыздарды" өзінен жоғары ұстауы, мақтаныштың ең ерсі әрі ұят түрі екен.",- деген сияқты жағымсыз пікірлер көптеп жазылды.