Жан Ахмадиев: Қыз болмай шыққан әйелді бірден үйіне қайтару керек (видео)
Заманауи жырау Жан Ахмадиев қыз болмай шыққан қалыңдықтарды ел алдында қарабет етіп, ешкім үйленбей қою керек деп елді шошытты.
Танымал рэпер үнемі қазақылықты насихаттап жұртты заман ағымына сай, батыстан келген әрекеттерден алшақтату мәселесін жиі көтереді. Осы жолы журналист пәктігін жоғалтқан қыздарды жазалаудың жолдарын айтып, көпшілікті қайран қалдырды.