Патриот емес: Головкиннің жекпе-жек алдында әнұраннан не үшін бас тартқаны белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен қарымта кездесудің алдында ұлттық әнұрандардың орындалуы туралы мән-жайды түсіндіріп берді
«Оскар (Де ла Хойя) біздің әнұранды сыйламайтынымызды айтады. Алайда мұндай сөзді естудің өзі біртүрлі. HBO телеарнасы 3 әнұранның орындалуы үшін 20 минут қажет екенін түсінеді. Бұл кештегі маңызды оқиғаның қарсаңында өте ұзақ болып кетеді. Әнұранға деген құрметіміз бар. Бүкіл арена әнұранды естиді. Алайда әнұран PPV-кардқа дейін орындалатын болады», – дейді Леффлер. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Де ла Хойя боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жек алдында әнұраннан бас тарту туралы шешіміне таңғалғанын айтып, оны «патриот емес» деп айыптаған еді.