Басты жаңалықтар

"Новая волна" халықаралық байқауында Димаш Құдайбергенге "қастандық" жасалды (видео)

Сочиде өткен "Новая волна-2018" бауқауында Димаш Құдайбергенов сахнада өнер көрсетуге шыққанда, 20 секунд бойы микрофоны қосылмай қалды 

"

Жас толқын — 2018" байқауы кезінде отандық әнші Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды. Десе де отандасымыз еш мүдірместен әнін айтуды жалғастырды. Сочи қаласында өткен "Новая волна-2018" байқауының жабылу салтанатында қазақстандық әнші Adagio әнін орындады. Алайда Димаш сахна төріне шыққаннан кейін 20 секундтай микрофон істемей тұрды. Десе де, отандасымыз техникалық ақауға еш мән берместен әнін айтуды жалғастыра берді. Кейін техникалық ақау реттеліп, микрофоны да қосылды. Ән аяқталған соң фанаттары Димаш Құдайбергенді гүл астында қалдырды. Көпшілік оны суретке түсіріп үлгеріп жатты.

Сондай-ақ қазақ әншісінің өнеріне табынушылар Димашқа дейін сахнаға шыққан жұлдыздарды микрофонды өшіріп, фонограммамен ән шырқаған деп отыр.

"Ұйымдастырушылар ұятқа қалды. Сонда да сен жарадың, Димаш! Дауысың өте керемет! Сені жақсы көріп, мақтан етеміз!", "Ол ән айтып жатқанда ұйымдастырушылар бір-бірімен сөйлесіп жатты. Өте ұят болды, бұл - әншіні сыйламау деген сөз", - деп пікірлерін  қалдырды.

https://youtu.be/gHaycVQzBe8