Жаңа сыпырғы басқаша сыпырады: Экс-әкім Әсет Исекешовтың жаңа қызметі туралы халық қалаулары не дейді?
Мәжілісмен Магеррам Магеррамов мемлекет басшысының экс-әкім Әсет Исекешовті Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындау туралы Жарлығын қуана қабылдады
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жаңа қызметке тағайындалған Әсет Исекешовтың қызметіне қатысты пікірін Nur.kz тілшісіне білдірген.
Депутаттың айтуынша, мемлекет басшысының Исекешовтың қызметін ауыстыруы бекер емес. Демек, қандай да бір белгілі көріністер бар екені хақ, сонымен қатар, қандай да бір тапсырмалар қойылатын болады
Сондай-ақ мәжілісмен Исекешовтің "практикалық багажын" да атап өтті.
"Мен оң көзқараспен қараймын, Əсет Өрентайұлы өте тəжірибелі адам, ол басшылықта да, әкімшілікте де жұмыс жасады, маңызды қала - Қазақстанның астанасын басқарды", - деп қосты ол.
Магеррам Магеррамов Əділбек Жақсыбековтің еңбегіне тоқталып өтті.
"Жақсыбеков мырзаға да алғыс айту қажет, ол президенттің жанында қаншама жыл еңбек етті, сенімді қауымдастығы болды, мемлекет басшысы жүктеген барлық тапсырмаларды орындады, мемлекеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Үнемі қызметтерге тағайындалып отырғандығы ескерусіз қалмайтын жайт", - деп баяндады мəжіліс депутаты.
Оған қоса мәжіліс депутаты,парламент мəжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының басшысы Владислав Косарев те өз пікірімен бөлісті.
"Мемлекет басшысы өте дəл тағайындаулар жасайды, қызметкерлерді жаңарту - бұл басқару ісіндегі жетістіктер. Əрбір жаңа адам жаңаша əрекет жасайды жəне көп əсер береді. "Жаңа сыпырғы басқаша сыпырады" деп орыс мақалында бекер айтылмаған", -деді Владислав Борисович.
Оның айтуынша, Астана әкімдігін басқара отырып, Əсет Исекешов өзін жақсы жағынан көрсете білді.
Владислав Косарев та Исекешовті Президент əкімшілінде басшылық пен жұмыс стилін жетілдіру жағынан генератор болатынына нық сенімді.
"Ол кісіде енді тұрғылықты орган орындаушыларын басқару тәжірибесі пайда болды. Ендігі кезекте облыс әкімдері Қазақстан президенті əкімшілігі жағынан қаталырақ қолды сезеді деп ойлаймын",- деп түйіндеді Владислав Косарев.