Лауазымды қызметін босатқан Жақсыбековтің жаңа жұмысы белгілі болды
Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясы» Акционерлер қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды
"Цесна" корпорациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді.
Оның орнына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов тағайындалды.