Бізге осындай адам керек: Мемлекет басшысы Әсет Исекешевке жаңа қызметті сеніп тапсырды
Бүгін Астанада президент әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтіп, елбасы Әсет Исекешевті жаңа қызметімен таныстырды
Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтің атқарған сүбелі еңбегіне тоқталып, Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін құру ісіне белсене атсалысқаны үшін алғыс айтты.
"Көп жылдар бойы менің жанымда жүрген Әділбек Рыскелдіұлы туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Ол Астананың бірінші әкімі болды. Әділбек Рыскелдіұлы қандай қызметте жүрсе де, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарады. Оған алдағы уақытта мықты денсаулық, сәттілік тілейміз",-деді Назарбаев.
Сондай-ақ елбасы президент әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевті де таныстырды.
"Әсет Өрентайұлы менің көмекшім, министр, вице-премьер қызметін де атқарды. Соңғы екі жылда ол еліміздің бас қаласының әкімі болып, астаналықтардың ыстық ықыласына бөленді. Ол бұл тұрғыда өзінің креативті ойларын әрі өзіндік ұстанымы барын көрсете білді. Бізге қазір дәл осындай адам керек. Ол әкім болған тұста біз "ЭКСПО-2017" және Астананың 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Әсет Өрентайұлы осы қызметті де абыроймен атқаратынына сенімдімін",-деді елбасы.
Қазақстан президенті өз сөзінде халықтың әл-ауқатын көтеру әрі экономкиалық өсу тұрғысында президент әкімшілігінің маңыздылығын атап өтті.
"Аппарт алдында маңызды міндет тұр – мемлекеттікбағдарламалар сапасын бақылып, олардың жүзеге асырылуын жіті қадағалау. Ендігі жұмыс өңірлік деңгейде атқарылып жатыр, себебі барлық деңгейдейгі әкімдіктердің қызметін тиімді түрде үйлестіріп, олардың біріге жұмыс жасауына күш жұмылдыру керек",-деді мемлекет басшысы.