Басты жаңалықтар

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне бәсекелес жоқ екенін айтқан Мадинаны "орнына қойды"

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Мадина Сәдуақасова туралы өз ойын айтты

Түсіпбаева "Если честно" бағдарламасының  жүргізушісі Тимур Балымбетовтың Мадина Сәдуақасова мен Жанар Дұғалованы салыстырып айтқан  үлкен қателікке балаған.

Әншінің сөзінше, Жанар Дұғалова дәл Димаш Құдайбергендей тума талант. Ол екі тілде өлең жазатын дарынды ақын, өз қолтаңбасы бар композитор.

Осы орайда жүргізуші сұрағын түсінбеген Түсіпбаева Мадина мен Жанардың арасын жер мен көкке балады.

"Жанар үшін "Түрквижн" - тек бастау, көресіздер. Мен бес жыл бұрын Димаш туралы да осылай жазғанмын. Оны Света да біледі. Мен Жанар мен Мадинаны салыстыру керек емес деп ойлаймын. Кешірім өтінемін, Бибігүл Төлегенова апайымыз айтқандай, жер мен көктей" , -деген ол өз жазбасында.

Одан бөлек, әнші Дильназ Ахмадиева "Бір бала" әнін дәл Мадина Сәдуақасова сияқты жүрекке жеткізіп орындай алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол сұрақты орыс тілінде қоятын Тимур Балымбетовке де өкпесін айтты.

https://www.instagram.com/p/BnlHi9Ul0UL/?utm_source=ig_web_copy_link