Басты жаңалықтар

Алматыда мешіт маңынан ес-түссіз күйде табылған азаматтың туыстары іздестірілуде

 Жас шамасы 40-45-тегі жігіт ағасы көшеде келе жатқан жерінен инсульт алып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты. Оны бір ажалдан алып қалған дәрігерлер аты-жөнін біле алмай отыр, деп жазды КТК арнасы. Қаладағы мешіттердің бірінің маңайынан шалажансар күйде табылған оның өзімен бірге ешқандай құжаты болмаған. Ал инсульт алған азаматтың өзі әлі сөзге келе алмай отыр. Қан қысымының күрт көтерілуі салдарынан оң жақ аяқ-қолы да істемей қалған. Сырқатқа ем-домын жасаған ақ халаттылар енді оған үй күтімі қажет дейді. Сондықтан, есін жоғалтқан ер адамды танығандар болса, туыстарын тауып беруді сұрайды. "Жедел жәрдемді жанынан өтіп бара жатқан адамдар шақырған. Отбасыңыз бар ма деп сұрасақ, басын шұлғиды. Бірақ, денсаулығына байланысты әзірге сөйлей алмай жатыр. Денесінде ұрып-соққан іздер жоқ. Азамат қан қысымы көтеріліп, құлап қалған.",-дейді невропатолог Ғалымжан Кәрімов.