Басты жаңалықтар

Баян Алагөзова әпкелерімен бірге "Кешью" тобын құрды (видео)

Апалы-сіңлілердің орындауындағы ән көпшілікке ұнап қалды

Танымал продюсер Баян Алагөзова анасының туған күніне байланысты әпкелерімен бірге ерекше тосынсый жасады деп жазды KYN.kz сайты. Бәттес, Баян, Бағым Мақсатқыздары "Асыл ана" әнін орындап аналарына арнап жайылған дастарқан қонақтарын қайран қалдырды.

Көпшілік өнерлі отбасында тәрбиеленген үш аруға алғыстарын айтып, аналарына ақ тілектерін жаудырды.Бір үйдің үш қызы орындаған әннің тамаша шыққанын айтқан тыңдармандары оларға "Кешью" тобына өздері кіріп алса да болады деген мақтауларын айтты.