Басты жаңалықтар

"Өнер қырандарының" актері орамал жайлы асыра сөйлегені үшін халықтан кешірім сұрады

Мелс: "Шымшық сойса да қасапшы сойсын" мен ойланбай сөйлеп қойыппын

Танымал актер Мелс Наурызбеков желіде мектеп оқушыларының орам шешпесек сабаққа бармаймыз дегеніне қатысты пікірін білдіріп, орамалға қарсыларды сынап тастаған еді. Енді  актер өзінің елге қатты сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары басқармасының жұмысына жөнсіз кірісіп кеткенін мойындап отыр. "Осы желіде орамал жайлы салған пост біраз талқыға түскен.Фердауси мектебінде болған оқиғаны көріп артық эмоцияға бой алдырып қойған екенмін. Оны кейіннен өзім байқадым. Адамның дәрежесін түсіретін сөздер айткан екенмін. Негізі біреу жайлы олай айтуға еш болмайды ғой. Содан ақылшы ағаларымның ақылынын да тыңдап көрсем, қателіктерім болған екен. Орамал бұл дін мәселесі. "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" демекші. Мен өнер адамы болғандыктан. Өнер саласы тақырыбындағы мәселерге ой қосқаным абзал да,ал саясат, дін, т.б. тақырыптар да өз мамандарының ашып айтқаны дұрыс деді. Әйтпесе кім көрінген ол салаға ,қол сұға берсе ол саланың абыройын арзандатары хақ. Троктарист, дәрігерге операция жасауға кеңес бергені сияқты, немесе керісінше. Дін мәселесіне байланысты кез-келген мәселені майшаммен қарайтын діни басқармамыз бар. Ал орамалга байланысты Бас мүфтидің баяндамасы шығып қойған екен. Орта жолда менің кірісіп кеткенім шынымен артықтау болган екен. Сондықтан әркім өз саласында, профиссионал болып,сол салаға қатысты пікірталаста ғана білек сыбана кіріссе,еліміз дамып, көркейеміз деп ойлаймын. Біліміз жетпейтін мәселеге кіріспеген жөн. Сондықтан сөйлесек жақсы нәрсе сөйлейік, немесе үндемейік.Бұл сүннет!",- деп ойын түйіндейді актер.