Басты жаңалықтар

Оңтүстік Африкада ойда жоқта қар жауды

Оңтүстік Африка Республикасында орналасқан қорықта қар жауып,  жануарлардың тіршілігіне кері әсерін тигізуде

Желіде ағаштағы қарлардың қасында жүрген пілдер мен жирафтардың суреті тарап кетті.

Синоптиктердің айтуынша, бұл суық ауа-райы Африкаға Еуропадан келген болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Еуропа елдеріндегі ыстық ауа-райы суық пен қарға ұласып кеткен болатын.

Нақтырақ айтсақ, сол уақытта Австрия, Германия, Швейцария мен Италия елдерінде таудағы қарлар 40-50 сантиметрге дейін барған еді.

 width=

Шілдеде қар Оңтүстік Африканың Кейптаун орналасқан оңтүстік-батыс жағалауына жауған еді. 10 сантиметрді құрайтын қар алғашында тұрғындардың таңданысын тудырып, кейіннен қала көшелері лас суға айналып кетті.

Осы жағдайдың салдарынан қалада көлік кептелісі де орын алған.