Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Танымал отандық әншінің ұлы фильм түсіріп жатыр

Айгүл Иманбаеваның мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан  әкесінің жолын қуды. Жақын арада болашақ режиссердің туындысы жарыққа шығады

12.09.2018
0
Танымал отандық әншінің  ұлы фильм түсіріп жатыр

Айгүлдің айтуынша, Асылжан екі жылдан бері Прагада білім алып, қазірде Отанына оралып, анасының жанында тұрып жатыр. Ер жігіт әрі қарай білімін Қазақстанда шыңдамақшы. Сондай-ақ, жас режиссерге Лондон университетінен магистратураға шақырту түсіпті. Алайда Асылжанның өзі бала кезінен Америкаға баруды армандағандықтан, бәрі болашақтың еншісінде, дейді актриса.

“Ұлым үйде, менің қасымда. Екеуіміз де Алматыда жүрміз. Өзінің Еуропаның Прага қаласында білім алғанын білесіздер. Жуырда сол жақтағы екі жылдық оқуын тәмамдап келді. Әкесімен ақылдаса отырып болашаққа құрған жоспарлары бар. Сол себепті қазір Қазақстандағы оқуын шетелге ауыстыру процесі жүріп жатыр. Қалған екі жылын осында тәмамдаса, әрі қарай магистратураны шетелде оқитын болады. Өзінің арманы Америкаға кету болғандықтан, оқуын сол жақта жалғастыруы мүмкін. Жалпы әрі қарай не істейтінін өзі біледі. Біздің ата-ана ретінде басты міндетіміз — қолына дипломын алып беру”, — деді Айгүл Иманбаева.

Асылжан бүгінде үлкен жобамен айналысып жүрген көрінеді. Әкесінің жолын қуған жас режиссердің айтуынша, өзінің жаңа да ауқымды жобасы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналмақ.

“Әзірге туындыны шартты түрде “Тәуелсіздік жобасы” деп атадым. Бірақ алдағы уақытта атауы ауысуы мүмкін. Ол үш қалада түсірілмек. Яғни Прага мен Алматы қаласындағы түсірілімдер аяқталды. Енді түсірілімді Астана қаласында жалғастыратын боламыз. Оған Еуропадағы және Астана мен Алматы қаласындағы достарым да атсалысып жатыр. Авторлық кино болғандықтан, аралық стильде түсіріліп жатыр. Болашақта өздеріңіз де көре жатарсыздар. Бірақ фестивальге қатысып, кинотеатрларға жарқ етіп шығады деген ой жоқ. Жалпы бұған уақыт керек. Ол толықтай бір-екі жылдың көлемінде дайын болмақ”, — деді ол.

Бөлісу7Твит5
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6252 бөлісу
    Бөлісу 2501 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3177 бөлісу
    Бөлісу 1271 Твит 794
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3330 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 833
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1605 бөлісу
    Бөлісу 642 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    896 бөлісу
    Бөлісу 358 Твит 224
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    845 бөлісу
    Бөлісу 338 Твит 211
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.