Басты жаңалықтар

Түркістан облысында жақында  дүниеге келген үшемнің отбасы баспаналы болды

Аудан басшысы шаңырақтың қуанышын еселеп, баспанаға қажетті тұрмыстық техникаларды қоса тарту етті.  

Түркістан облысы, Келес ауданында жуырда ғана дүниеге келген үшемнің отбасы баспаналы болды. Көпбалалы шаңырақтың жағдайын ескерген аудан әкімі Ақментай Есбаев аталған отбасына баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, қыркүйек айының басында аталған ауданның Бірлік ауылында тұратын Түктібаевтар шаңырағында үшем өмірге келген болатын. 23 жастағы үш баланың анасы Аяжан Төленді осылайша алты балалы болып, қуанышқа кенелген. Сәбилерге Төрәлі, Фатима, Зәуре есімдері берілген.