Басты жаңалықтар

Мадина Сәдуақасовадан көзін алмай тамсанған отандық әзілкеш жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Отандық әнші Мадина Сәдуақасовадан  көзін ала алмай тамсанған Олжас Сыдықбек ел назарына ілігіп, көптің қызу талқысына түсті

Мадина  желіде қызу талқыға түскен видеоны өзінің желідегі парақшасына жүктеп қойды. Бейнежазбада отандық әнші ән салып тұрғанда оған көзін алмай қараған бағдарлама жүргізушісі бой көрсетті.

Тұрсынбек Қабатовтың театрында өнер көрсеткен әзілкеш Олжас Сыдықбек Мадинаға тамсана қарап тұрғаны желіде қызу талқылауға түсті.

Әнші жүктеген видеосының астына мынадай жазба қалдырған:

"Олжас Сыдықбектің көзқарасынан, не түсіндіңіздер? Ән бір сәттерді есіне түсірген сияқты, менің ойымша"

Сәдуақасованың екі ойлы жазбасына үлкен күдікпен қараған желі оқырмандары, әзілкеш пен әншінің бұрындары көңіл жарастырғанын болжады.

https://www.instagram.com/p/BnnbM7qhh1O/?utm_source=ig_web_copy_link