Жынысын ауыстырғысы келген қазақ жігіті жұрттың ашуына тиді (видео)
Кішкентай кезінен бастап өзін нәзік жанды ретінде сезінген ер жігіт көп ұзамай жынысын ауыстырып тастауға бекініп отыр.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бейнежазба осы. Онда жас жігіт бұрын-соңды ешкіммен ашылып, бөліспеген сырын жайып салды. https://www.instagram.com/p/BnoXNnnBsNO/?utm_source=ig_web_copy_link
Айтуынша, кіші кезінен нақтырақ айтсақ, бірінші сыныптан бастап өзін қыз ретінде сезінген ол жынысын ауыстыруды арман еткен.
Алайда, толық отбасында дүниеге келген қазақ баласын өз жанұясы қолдамаған көрінеді. Олар ер баланың әйел болып өзгергісі келетініне қарсылық көрсеткен.
"Мен 20 жасқа келгенде оларға айта, ашыла бастағанымда олар мені түсінбеді", - деп айтты ол.
Өзін мүлде ер адам ретінде санай алмаған жігіт бүгінде ата-анасымен ара-қатынасы өте ауыр жағдайға тап болған. Отбасы туралы сұраққа ол жауап беруден бас тартып, көз жасын тыя алмады.
Бағдарламаның бұл саны желіде өте қызу талқыланып, мыңдаған пікір жинаған. Желі қолданушыларының басым бөлігі ер жігітті жерден алып, жерге салды. Санаулы адамдар ғана, заманауи өмірде бұл қалыпты әрі ерсі емес құбылыс екенін айтып ақтауға тырысты.