Басты жаңалықтар

Кішкентай ұлының көзінше ата-енесін аяусыз өлтірген оралдық жігітке қатысты сот үкімі шықты

Оралда ата-енесін атып өлтірген 38 жастағы Рүстем Дәулетшинге қатысты сот үкімі шықты. Ол 19 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады

«Дәулетшин сот алқасына өзін мейірімді, жақсы адам етіп көрсеткісі келді. Сот алқасы айыптаушы және жәбірленуші тараптың келтірген барлық дәлелін тыңдап, саралап, әділ әрі заңды үкім шығарды», – дейді жәбірленушілердің қорғаушысы Руслан Аминов. Кейін белгілі болғандай, қылмысын жасау үшін ер адам арнайы дайындалған. Ол қайғылы оқиға орын алған 1күні  көршілес қаладан Оралға арнайы келіп, өзімен бірге шолақ мылтық ала келген. Күйеу баласы туыстарының үйінің кіреберісінде қаруды оқтап, есік ашылған бойда оқ жаудыра бастаған. Алдымен енесі кеуде тұсынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.  Шуды естіген бойда сыртқа шыққан қайын атасы да ауыр жарақаттанған. Ал Рүстемнің әйелі мен кішкентай ұлы одан пәтерде жасырынып отырған. Сот отырысында марқұмдардың туыстары Дәулетшинге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда олар сот үкіміне шағымданбайтын болды. «Әрине, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру керек еді. Ол – адам емес, қанішер. Ол адам өлтіргені үшін өмір бойына қамалуы керек еді. бұл ол үшін жеңіл жаза», – дейді марқұмдардың туысы Рашида Мұхамедқалиева. Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға 10 мамыр күні орын алды.