Басты жаңалықтар

Назым: Жарыста қазақстандық төрешілер қарсыласыма ұпай қосқан (фото)

Боксшы қыз ҚР президентінің кубогы үшін бокста не себепті жеңілгенін түсіндірді

ҚР президенті Кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирінде екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жапондық Намики Цукумимен кездесіп, жеңіліп қалған еді. Осы жекпе-жекке байланысты қазақстандық спортшы отандық төрешілер өзін қолдамағанын айтты. Керісінше  өзге елден келген төрешілер Назымға дауыс берген екен.  width= «Екінші кездесу, 3:2 есебімен ұтылып қалдым, қызығы шет елдің екі судьясы маған берсе, біздің екі судья маған қарсы берді. басты жарыстар алда, соған жақсылап дайындалу қажет»,-деп жазды боксшы Назым Қызайбай. Назым Қызайбай өз қарсыласынан жасы жағынан да, бойы жағынан да үлкен болса, алғашқы раундта қорғанып жүріп бокстасты.  width= Ал жапондық қыздың жылдам соққылары діттеген жеріне жетіп жатты. Алайда Назым Қызайбай да қарап қалмады. Сәті түскенде джебтерін де, кросстарын да шебер іске асыра білді. Бірақ жапондық боксшы өз шабуылдарын бәсеңдетпеді, үнемі қысым жасап жүрді. Екінші раундта Намики Цукуми өз шабуылдарын жалғастырды. Бірақ қазақстандық боксшы қыздың қорғанысы бекем, қарымта шабуылдары жақсы өтті.  width= Үшінші раунда екі боксшы да белсенді қимылдап, кезек-кезек соққы жасап жүрді. Төрешілер шешімімен жапондық боксшы жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионын жолда қалдырды. Жалпы есеп - 2:3. Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды.