Басты жаңалықтар

Канн фестивалінде үздік атанған отандық актрисаны ауылда көрген жұрт таңданысын жасырмады (фото)

Голливудтық өнерпаздарды шаң қаптырып елге оралған Самал Еслямованы шалғай ауданда көрген жұртшылық таңданысын жасырмады

Алматы облысындағы ауылдардың бірінен Самал Еслямованы көріп қалған көпшілік аң-таң болғанын жасыра алмады. Тіпті, халық ішінде Канн фестивалінде жұлдызы жанған арудың ауылға көшіп кеткені туралы ақпарат та тарап үлгеріп, көптің қызу талқысына түсті. width=

Алайда, голливудтық актрисаларды басып озған қазақ қызы отандық фильмнің түсіріліміне келгені анықталды. Жаңа туындысына білек сыбана кірісіп кеткен Самал уақытша ауылда тұратынын растады. Оған түсірілімнің кең далада өрбуі себеп болды.