Басты жаңалықтар

Жорабаева өзін талғамсыз дегендерге жауап берді

Соңғы кездері расымен жарқырап жүрген Алтынайды стилист мамандарына дейін талғамсыз киінеді деп баға берген еді

Танымал әнші Алтынай Жорабаева соңғы кездері өзін көп сынайтын халыққа ойын жеткізді. Әншіні қарапайым халық тұрмақ, киіну өнерінің мамандары да қатты сынап тастаған еді. “Маған көбінесе “стиліңізді ауыстырыңыз, стилистіңізді ауыстырыңыз, мынадай көйлек болмайды” деп жазып жатады. Мен өзгертпеймін, маған ұнайды. Өйткені қазір мынадай кең киімдер енді ғана трендке кіріп жатыр. Бірақ мен осыдан 9-10 жыл бұрын велюрдан көйлек, шапан киіп жүрген кезде бәрі “осы сөлбіретіп бірдеңе киіп алады” деп айтатын. Қарап отырсаңыз, қазіргі дизайнерлердің түгелі дерлік велюрдан киім тігеді, кең киімдер, шапан тігеді. Сондықтан мен өзгертпеймін. Өйткені менің Мансиямның фантазиясы “космический”. Үстімде де шапан, бұл шапанға 8 жыл болды, әлі сол күйі тастамай киюге болады. Менің стилімді өзгертпей-ақ қойыңыздаршы, маған осылай ұнайды”, – дейді Алтынай.