Сұмдық: Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз ауладағы иттермен бірге тамақтанып жүр
Алматыдағы мектептердің бірінде 6- шы сыныптың оқушысы жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатыр. Өгей әкесі күнде соққыға жығып, бірнеше күннен бері үйге кіргізбей отыр
Оқушы қызды үйіне кіргізбей жүрген өгей әкесі ішімдікке салынған екен. Баспанасы кәдімгідей қоқыс полигонына айналғандай. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды. Үйлерінде маскүнемдер жиналып ішімдік ішеді. Одан бөлек, үйге кіріп-шығып жүрген ит пен құстың саны да аз емес екен.