Басты жаңалықтар

Қазақстан әлемнің ең бақытсыз елдер тізіміне енді

 АҚШ-тың Gallup қоғамдық пікірді зерттеу институның ғалымдары негативті және теріс эмоцияларды көбірек сезінетін елдер рейтингін жасады 

АҚШ-тың зерттеу институтының ғалымдары  146 елдің тұрғындарынан сауалнама алған.  Онда Қазақстан халқы теріс эмоцияларды басынан көп өткермейтіні белгілі болды.

Сонымен, еліміз бұл тізімде 17-орынға жайғасып, Ресей, Моңғолия, Болгария, Польша, Қырғызстан және Эстония халқының көрсеткішімен деңгейлес болып шықты.

Ең бақытсыз халық Орталық Африка Республикасы болса, одан кейінгі орында Ирак пен Судан тұр.

Керісінше, үнемі көңілді жүріп, өздерін қуанышты сезінетін халық Парагвай, Колумбия, Сальвадор, Гватемала және Канада тұрғындары екен.