Басты жаңалықтар

Кезінде сән әлемі шеттеткен қара нәсілді ару қалай гонорары ең қымбат модельге айналғанын айтты (фото)

Даки Тот (Duckie Thot)- көбінесе «Қара нәсілді барби» деп атап кеткен Австралиялық модель. Қазіргі таңда бойжеткеннің миллиондаған фанаттары бар , оның суреттері жүз мыңдаған лайк жинайды , ал әлемнің ең танымал брендтері модельдің өз жарнамалық компанияларына түсуі үшін бәсекелестікке түсетін дәрежеде. Бірақ әрдайым осы қалыпта болған жоқ. Модель өмірінде қудалауды басынан кешіріп  тіпті, мысқылдау мен әжуалаудың кесірінен мансап жолында біраз кідіріс жасауға да тура келеген.  width= Арудың өмірбаяны біздің әрқайсысымыздың өз тағдырымыз бар екенін тағы бір рет дәлелдейді. Сирек кездесетін және қайталанбас тіпті, мүсінінде бір мін жоқ хас сұлудың да өз өмір жолы үшін күресе білу керектігін көрсетеді.  width= Ньядак Тот – қазіргі таңда Даки Тот атымен танымал модель Оңтүстік Суданда дүниеге келген. Ару балалық шағынан модельдік  мансапты  армандаған .  Fashion индустриясына оның  алғашқы қадамы  Australia’s Next Top Model атты танымал жобаға қатысуы болды.  width= width= Бұл жобаға келгенде не бәрі 17 жаста болды. Жоба барысында Даки қара терілі бойжеткеннің шашына қандай күтім жасау керектігін білмей дал болған стилистердің критикасы мен түсініспеушілігіне тап болды. Шоудың фанаттары алғашында модельді ұната қоймаған еді. Болашақ модельдің келбеті пластикалық отаның және фотоөңдеушілердің еңбегі емес ,табиғаттың берген сыйы екеніне сенбей , табиғи cұлулық  емес деп айыптады.  width= Fashion-индустрия бойынша әріптестері де Даки жайында тым теріс пікірде болды. Жас модельге  берілеген лақап аттың бірі «гүлді қырыққабат» еді. Модель өзінің ашық сұхбаттарының бірінде «17 жасар модель үшін аз соққы алған жоқпын ,және шынымен де не үшін, не себепті екенін түсінген жоқпын »- деп айтып берген. Оған бойына сенімділік орнатып, өз-өзіне келуі үшін және сән әлеміне оралуына 2 жылдай уақыт кеткен.  width= «Өз ішкі даусыма құлақ аса бастаған сәттен бастап  бәрі өз орнына келе бастады»- деп әңгімелеп берді Даки. Қазіргі таңда ару қара нәсілді  моделдерді қолдап,   fashion-индустриясында алуантүрлілікті ұстанып келеді. Сұлулықта көптеген келбеттің болатынын және болу керек те екеніне ару сенімді.