Басты жаңалықтар

Қалмұханбет Қасымов қашан отставкаға кететінін айтты

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасынан кейін ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапына сын айтылып, министрлік басшысын отставкаға жіберу туралы ұсынысқа  Қасымов жауап берді

«Отставка мәселесіне келер болсақ, біз – әскери адамбыз. Қай жерде жұмыс істеуге бұйрық берілсе, сол жерде жұмыс істейміз», – дейді Қасымов. Сонымен қатар  министр қазақстандық ІІМ-де Грузияның тәжірибесі қолданылатын, қолданылмайтыны туралы айтты. «Біз Грузияның тәжірибесін талқылау үстіндеміз. Грузиялық модельді толық зерттеу керек. Біз де барып, көрдік. Бізде олардың және біздің жұмыстарымыз жөнінде кесте бар», – дейді Қалмұханбет Қасымов.