Басты жаңалықтар

Мақпал Жүнісова мен Төреғалиді айнытпай салған Тәуекел жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Отандық актер қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін айнытпай салып, көпшілікті жаңа өнерімен таңғалдырды

Тәуекел өзінің нағыз кәсіби актер екенін жұрт алдында тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Отандық жұлдыз бағдарлама аясында өзіне жүктелген өзге жұлдыздарды салып көрсету тапсырмасын жоғары деңгейде орындап шықты.

Сері жігіттің қатысуымен болған қызықты жайт әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған.

Ол Төреғали мен Мақпал Жүнісованы айнытпай салып, көпшілікті таңдай қақтырды.

Айта кетерлігі, актер өзі жасырған адамдардың қимыл-қолданыстарына дейін білетін болып шықты. Соның арқасында бағдарлама жүргізушісі Тәуекелдің кімді салып тұрғанын бірден анықтап жатты.

https://www.instagram.com/p/BnqR5A4lEZv/?utm_source=ig_web_copy_link