Астана тұрғыны қаладағы бірнеше мешіттен "Құран Кәрім" кітаптарын ұрлап кетті
Елордалық жігіт қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасағаны үшін істі болды
Астана тұрғыны құны 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын алып кеткен. Одан бөлек өзге мешіттен ұялы телефондарды қолды қылды. «Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», – деді Есіл аудандық сотында. Сот отырысында жәбірленуші мен айыпталушы мәмілеге келді. Сонықтан қылмыстық іс тоқтатылды.