Басты жаңалықтар

Головкин мен Канелоның қарымта кездесуі жаппай төбелеске ұласты (видео)

Көптен күткен жұдырықтасу алдындағы ресми өлшеудің соңы төбелеске ұласты. Бұл оқиғаға тоғыз мың көрермен күәгер болды

Екінші келген Альварес Головкиннің маңдайына қатты тақалды, бұл кезде мексикандық бапкерлер бір-бірін итере бастаған. Алайда күзеттер мен промоутерлер төбелеске жол бермеді. “Ол клоун, шоумен, нағыз еркек емес”, – “Канелоноң” көзінен не көрдің деген сұраққа жауап берген Головкин. https://www.instagram.com/p/BnueFYNBWnb/?utm_source=ig_web_copy_link Сонымен қатар, Головкиннің айтуынша,  бұл айқас әдеттегідей болмайды, бұл ерекше соғыс. “Жас маңызды емес. Мен нокаутты қалаймын. Шынымен қатты қалаймын. Big Drama Show болады деп сендіремін. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет. Ертеңгі кеш сіздер үшін. Бокстың барлық жанкүйерлеріне және барлық мексикандықтарға – үлкен сыйлық болады”, – деп сөзін аяқтады қазақстандық боксшы Головкин.