Семейде дәретхананы ұрлағысы келген азамат ұсталды
Семей тұрғыны ағаш цехының аумағындағы дәретхананы ұрламақ болған сәтте, тәртіп сақшыларының қолына ұсталып қалды
12 қыркүйек күні жергілікті Ішкі істер басқармасының Затон бөлімшесіне қаладағы ағаш цехының күзетінен ақпарат келіп түсті.
"Күзетші ағаш цехының құлпын бұзып, аумаққа кірген белгісіз біреуді байқаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер 35 мың теңге тұратын дәретханын ұрламақ болған 38 жастағы азаматты ұстаған", -деп хабарлады полиция бөлімшесі.
Қазір ұрлық фактісі бойынша сот алды тексеру жұмыстары жүріп жатыр.