Басты жаңалықтар

Тойдың ауылы алыс емес: Әнші Айгүл Иманбаева қашан тұрмысқа шығатынын айтып қойды

Күні кеше ұлына қалыңдық іздеп жүрген отандық әнші, өзінің жақын арада тұрмысқа шығатынын айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын Айгүл тұрмысқа шығуды жоспарлап жатқанын айтып,  желіні қызу талқыға салған болатын. Ал енді әнші көптен күткен дүбірлді тойдың наурыз айында  болатынын да мәлім етті.

"Наурыз дедім ғой" ,- деп тілшінің сұрағына күліп жауап берді.

"Айын айттым ғой. Күнін айтпай-ақ қояйын. Алла аман жеткізсе, тойдың ауылы алыс емес. Дайындық жүріп жатыр", - деді Иманбаева.