«Ерекше қасиеті» бар халық емшісі сәбиді уқалап отырып өлтіріп алды
Клиникалық өлім кезінде сәбиді тез арада ауруханаға жеткізгенімен, алған зақымның ауырлығынан сәби сол жерде тіл тартпай кетті
Оқиға Ресейдің Нижегородской облысының Константиново ауылында орын алған. 4 айлық сәбидің ата-анасы оны емшіге апарып, емдетпек болған. Алайда сәбиді уқалаймын деген "ерекше қаситі бар" халық емшісі оның мойнын сындырған. «Халық емшісі» өзін емшімін деп медициналық қызметтерді үйінде үлкендер мен балаларға көрсеткен. Массаж жасауға оның ешқандай лицензиясымен рұқсаты және медициналық білімі болмаса да келушілерінен тоқтау болмаған. Уқалау кезінде ол сәбидің басын кенет бұрып қалып, мойын жұлындарына зақым келтірген. Бұдан кейін баланың жағдайы лезде ушығып, оны клиникалық өлім кезінде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің күресіне қарай оны құтқару мүмкін болмады. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда емші өзінің кінәсін мойындамады.