Басты жаңалықтар

Головкиннің жеңілісін көтере алмай жылап жіберген балалар елдің жүрегін елжіретті (видео)

Желі қолданушысы: Байқұс баларар "күйіп" кеткен ғой

Желіде Қазақстан уақытымен ерте тұрып, Геннадий Головкинге  қолдау көрсетіп, жекпе-жекті тікелей эфирден тамашалап отырған қос жасөспірімнің видеосы пайда болды. Онда мектеп оқушылары қазақстандық спортшының жеңіліп қалған сәтінде жылап жібереді. Көздерінің жасын сүрте отырып, күйініп, айналасындағы заттарды ұрғылап жатқан қос жігітті үйдегі ересектер видеоға түсіріп алған сияқты.