Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Головкиннің промоутері Альвареспен болуы ықтимал үшінші кездесу туралы айтты

17.09.2018
0
Головкиннің промоутері Альвареспен болуы ықтимал үшінші кездесу туралы айтты

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Fight Hub арнасына берген сұхбатында орта салмақ дәрежесіндегі  Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің өтуі мүмкін уақытты атады.

«Біз Геннадийге ең ыңғайлы кезеңді таңдау үшін барлық нұсқаларды қарастырамыз. Головкин екінші жекпе-жекте де әлдеқайда мықты болды деген ойдамыз. Менің раундтар бойынша есебім 8:4 болды. Алайда осы жолы Альвареске мін тағудың маңызы жоқ.

Олардың жекпе-жекке жоспары мықты болған. Дегенмен, Головкиннің соққылары дәлірек болды деп ойлаймын. Альварес төрешілерді сендіргенімен, біраз күш салуына тура келді. Мысалы, мен Альварестің 12-ші кезеңді жеңгенімен келіспеймін.

Головкин бокстасуын жалғастырады. Желтоқсанда, көктемде, тіпті мамырда жұдырықтасуға дайын. Егер Альвареспен үшінші кездесу өткізуге келісетін болсақ, мамырда болуы ықтимал. Геннадиймен, Оскармен (Де Ла Хойя) және Эрикпен (Гомес) отырып, үшінші кездесуді қай уақытта өткізу тиімді екенін ақылдасамыз.

Немесе басқа бағытта кетуге шешім қабылдаймыз. «Дегенмен Альваресті мойындауға тура келеді. Ол шегінгісі келмей, алға жылжыды. Басқасын білмеймін, бірақ мені таңғалдырды. Мен оны қорғану стилінде жұдырықтасады деп ойлағанмын.

Алайда бұл стиль Головкинге көбірек ұнайды. Дегенмен, Головкин еш ұялмайды. Керемет жұдырықтасты. Шешімге қарсы келетін ойымыз жоқ, үкімді құрметтейміз. Алайда Головкин біз үшін чемпион болып қала бермек.

Өздеріңіз байқағандай, екінші кездесу алғашқыдан әлдеқайда жоғары деңгейде өтті. Үшінші айқасты тамашалаймыз деген ойдамын», — деді Т. Леффлер.

 

 

 

Бөлісу5Твит3
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6250 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1563
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3160 бөлісу
    Бөлісу 1264 Твит 790
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1603 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    891 бөлісу
    Бөлісу 356 Твит 223
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    840 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.