Басты жаңалықтар

Төбелесуден қашпаймын: Төреғалидің Тәуекел туралы айтқаны жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Тәуекелмен төбелесуден қашпайтынын ашық айтты

Төреғали "Қызық Times" бағдарламасына арнайы қонақ болып барыпты. Өзіне "Тәуекелмен төбелесесің бе?" деген сұраққа тек қана "т" әрпінен басталатын сөздермен жауап беруге мәжбүр болыпты.

Әнші де өз кезегінде бағдарлама жүргізушілерінің қызықты сұрақтарына сәтті жауап беріп, олардың тапсырмасын орындап шықты.

"Туәекелді танимын. Татумыз. Төбелеспеймін. Тиіссе тесіліп тұрмаймын" , - деп жауап қайырды ол.

Төреғали Тәуекелді жақсы танитынын алға тартып, онымен төбелеспейтінін айтты. Оның бұл жауабына одан қорқу себеп болмаған. Әнші өзімен тату актермен жұдырықтасуды орынсыз санайтынын айтты. Алайда, өзіне тиіскен бойда, құр қарап тұрмайтынын да ескере кетті.

https://www.instagram.com/p/BnwaugGFtu9/?utm_source=ig_web_copy_link