Басты жаңалықтар

Астанада сатылып жатқан қарбыздардан құрт шығып жатыр

Ол қарбыздардың барлығы бас қалаға Түркістан облысынан жеткізілген

Елордада өңірлерден әкелінген қарбыздан кезекті рет зиянкестер табылды. Бұл жолы сатылымнан 20 тонна өнім алынды. Олар Шымкенттен жеткізілген. «Мемлекеттік инспекторлар карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында қауын шыбынымен залалданған қарбызды сатудың кезекті рет жолын кесті. 20 тонна қарбыз Шымкент қаласынан әкелінген», - деп жазылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында. Белгілі болғандай, карантиндік зиянкестің таралуының алдын алу мақсатында өнімнің 209 келі көлеміндегі бөлігі сатылымнан алынып, көму арқылы жойылған. Сонымен қатар, аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 3-тармақшасы негізінде іс қозғалды. «Соттың шешімімен өнім иесіне 33 670 теңге айыппұл салынды», - делінген жазбада.