Басты жаңалықтар

Головкинге барлық белдеулер қайтарылады: осы ақпаратқа байланысты бокс федерациясы жауап берді

Күні кеше әлеуметтік желі арқалы Канелоның допингтен ұсталып, қазақстандық боксшыға барлық белдеулері қайтарылады деген ақпарат тараған еді

Елімізде әлеуметтік желі арқылы Сауль Альварестің допинг сынамасы тағы да оң нәтиже бергені туралы ақпарат тарап кеткен еді. Сондықтан GGG барлық белдеулерді өзіне қайтарып алады деп жанкүйерлері жарыса жазған.  Алайда, кәсіби бокс федерациясы бұл ақпаратты теріске шығарды. "Кәсіби бокс федерациясы мұндай мәлімдеме жасаған емес. Бізде "Канело" допингпен ұсталды деген ақпарат жоқ", — деді федерация өкілі. Ал әуесқой бокс федерациясы өз кезегінде Головкинді кез келген бастамада қолдайтындарын жеткізсе де, кәсіби боксқа қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 15 қыркүйек күні өткен жекпе-жекте алғаш рет кәсіби рингтегі қарсыласынан жеңіліс тапты. Осыдан кейін GGG орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерден айырылды. Алғашында жекпе-жек 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ Альварестің допинг сынамалары оң нәтиже көрсетуіне байланысты кейінге шегерілді.