Басты жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған жігіттің әрекеті жұрттың қатал сыңына ұшырады (видео)

Әлеуметтік желіде жас азаматтың жедел жәрдем көлігі жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген видеосы тарады

Видеодан байқағанымыздай, жеңіл көліктен ашумен атыла шыққан жігіт жедел жәрдем көлігінің егде жастағы жүргізушісін балағаттап, бас салған. Оқиға Алматы қаласында орын алған деген болжам бар.

Жігіт тап берген жедел жәрдем көлігінде қарт науқас болған екен.

Оны байқаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  белгісіз азаматты тез арада тауып, оған тиісті жазаны қолдануды талап етіп отыр.

Әрзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз.

https://youtu.be/AUVjER8hcc8