Басты жаңалықтар

Масқара: "Жұлдыз" ауруына шалдыққан отандық әнші елге жақпай қалды (видео)

Отбасы жайлы алғаш рет сұхбат берген Нұрболат Абдуллин көпшілікке  ұнамай қалды

Отбасын елден жасыруының құпиясын айтқан Нұрболат Абдуллиннің сөйлеген сөз мәнеріне қарап баға берген оқырмандар оған теріс пікірді қарша боратты.

"Масқара! Нұрболат "жұлдыз" ауруына шалдығыпсың ғой", "Сен сөйлеп біткенше, ұйықтап қала жаздадым", "Бұрын жап-жақсы жігіт еді. Шіреніп, сөйлей алмай қалыпты ғой", "Мұрнын шүйіріп, тұрысы жаман екен", "Мына жігітке не көрінген? Бұрын қарапайым еді", "Семіздікті қой ғана көтереді" деген осы екен ғой" деді желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Нұрболат Абдуллин елден жасырған отбасын көрсетіп, қызының тұсаукесерін өткізген болатын.

https://youtu.be/gty4DvOTvpM