Ақтаулық ауқатты азамат жағдайы нашар екінші отбасыға үй сыйлады
4 баланың ата-анасы Жанар мен Асхат алғашында бұл сыйлыққа біраз уақыт сенбепті.
Есімін жария етпеуді сұраған қайырымды жан осымен екінші мәрте Ақтаудағы мұқтаж отбасына пәтер сыйлады, деп жазды InAktau.kz.
Қаладағы есімін жасырған ауқатты адам бірнеше уақыт бойы шынымен көмекке мұқтаж отбасын іздеген. тіпті келіншек өзін іздеп келген кәсіпкерді көргенде шошып кеткен. Баспанаға мұқтаж отбасы мүшелері өздеріне үй сылағысы келген меценаттың алғашқы сөзіне сенбей тағы біраз ойланыпты.