Жазира әжесінің 97 жасын тойлауға Қазақстандағы 90-нан асқан қарияларды шақырды (фото)
Әнші: Үлкендердің басын қосып, бір-бірімен таныстырып, қызықты кеш өткізсек бір марқайып қалады емес пе?
Белгілі жұлдызды жұп бұгінде әжелерін қалай сыйлап, қандай құрмет көрсететінін видеоға түсіріп, желіге жиі жүктейтін болған. Бүгінде Жанболат пен Жазираның әжесі желіде танымал, жастарға өсиетін айтатын өнегелі әже ретінде танылып келеді.
Жақында ол кісінің туған күні. Соған орай Жазира қариялардың басын қосып, той жасап берсем деген ниеті барын айтып қалды.
"Әжемді сұрап жазып жатқандарыңызға раxмет! Әжем үйде.Сіздерге сәлем айтып жатыр. 10 қазан 97 ге енді толады.Соған орай 90 мен 100 жас арасындағы қарттардың басын қосып,бір-бірімен таныстырып кішігірім тойлатып берсем ба деп отырмын.",- деп жазды әнші.