Басты жаңалықтар

"Зың" әкім: Шымкент басшысы Азиададан жүлдеге ие болған спортшыларға қаржылай сыйлық берді

Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдіраxымов Азиадада ел намысын қоғаған жаттықтырушылар мен спортшыларға алғыс білдірді

Шымкент қаласының басшысы XVIII жазғы Азия Ойындарынан жүлдемен оралған спортшыларға алғыс айтып, ел намысын абыроймен қорғап келген саңлақтарға қаржылай сыйлық тарту етті.

Дүбірді додада оқ бойы озып шыққан әрбір спортшы мен оның бапкеріне млн теңгеден табыс етілсе, екіншісі және үшінші  орын иегерлері мен жаттықтырушыларына 500 мың мен 300 мың теңгеден берілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия ойындары өтті.

Аталған ойында 36 шымкенттік спортшы бағын сынап, оның 14-і жүлделі орын алды.

Ерекше атап өтерлігі, спорттың көркем гимнастика түрінен шымкенттік қыздар командалық есепте бірінші орынға ие болса, жекелей жарыста Алина Адилxанова алтын медальды ел қоржынына салды.

Жас спортшылардың бұл жеңісі қазақстандық жанкүйерлер үшін көптен күткен жүлде болды.