Ақтөбелік әйел мүгедек жанды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген
Күдікті бұдан бөлек бойжеткендерді секс-құлдыққа салған
Облыстық ІІД мәліметінше, 49 жастағы мүгедек таныс әйелдің мәжбүрлеуімен қайыршылықпен айналысуға мәжбүр болған. Танысы одан құжаттарын алып, өзін жұмысқа жеккен. Ақтау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында қайыршылықпен ақша тапқан. Күдікті әйел қолға түсті. Ол 44 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Одан бөлек жеңгетайлықпен айналысып, қыздарды жезөкшелікпен айналыстырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.